31
Мамыр

«Ақ жол» саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді

https://t.me/peruash/16163

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақстанның барлық өңірлерінде қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Азаттық пен Тәуелсіздік жолында жанын құрбан еткен халқымыздың белгілі де беймәлім қаһармандарының ерлігіне тағзым етіп, олардың рухын құрметпен еске аламыз. Алаш қайраткерлерінен бастап, тоталитарлық жүйеге қарсы көтерілістерге қатысушыларға, шетел асуға мәжбүр болған ауыл тұрғындарынан бастап, ашаршылықтан қаза тапқан нәрестелер мен қарттарға дейінгі барша боздақтардың жанқиярлық құрбандығы зая кеткен жоқ.

Соның айқын дәлелі – бүгінде болашаққа нық қадам басқан Тәуелсіз Қазақстан және Заң мен Әділетті таңдаған біртұтас халқымыз.