13
Ақпан

«Ақ жол» сауалынан кейін Fokker-100 ұшағының апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

https://qazaquni.kz/news/161280-aq-zol-saualynan-keiin-fokker-100-usagynyn-apatyna-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy 

Алматы маңында «Фоккер-100» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің (ААК) Астанадағы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Бас прокурор Берік Асылов.

«Астаналық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы (қызмет бабындағы әрекетсіздік) бойынша 2018 жылы Fokker-100 ұшағының апатқа ұшырауына себеп болған Алматы аэродромының ұшуға жарамдылық сертификатын берген МАК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Шенеуніктердің әрекетіне түпкілікті баға тексеру нәтижесі бойынша беріледі», - делінген «Ақ жол» фракциясы депутаттарының сауалына берілген жауапта.

Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат 7.22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшқан Bek Air Fokker-100 ұшағы (№ Z2100 рейсі) көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетон қоршауды бұзып өтіп, екі қабатты ғимаратқа соғылған. 

Бортта барлығы 93 жолаушы болған, оның ішінде үш сәби,  бесеуі экипаж мүшесі. 

Ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты.