21
Ақпан

«Ақ жол» Жалпыұлттық коалиция құрамында: Қарағанды облысындағы жұмыс сапарының күн тәртібі

https://t.me/peruash/15212

Қарағандыда жұмыс істеудеміз. Өзге партиялар және қозғалыстармен бірге жалпыұлттық коалиция құрамында бірнеше еңбек ұжымдарымен жүздесіп, Жаңа Конституция жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде, сондай-ақ, азаматтар, мемлекет пен экономика үшін маңызды, сын-тегеурін мен цифрлық технологиялардың заманауи әлемінде Қазақстанға кең мүмкіндіктер жасайтын жаңа тәсілдер туралы баяндадық. Қоғамды толғандыратын сұрақтарға жауап қаттық.

Әрине, бұған күдікпен қарайтындар да бар, алайда, әңгімелескендердің басым көпшілігі Жаңа Конституцияның принциптері мен құндылықтарын түсініп, 15 наурызда өтетін референдумда бұл құжатты қолдайтындықтарын айтты.

https://t.me/peruash/15246

Сондай-ақ, Теміртау мен Қарағанды қалаларында «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған жергілікті мәслихат депутаттарымен бірге, филиалымыздың төрағасы Ермек Әбілдиннің бастауымен бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды араладық.

«Инкар-1» ЖШС – еліміз бойынша ірі өнеркәсіп компаниялары үшін бөлшектер, механизмдер мен конструкциялар шығаратын машина жасау өндірісі. Бас директор Қуандық Нұрпейісовтің айтуынша, зауыт технологиялық операциялардың кең ауқымын орындайды — токарьлық-фрезерлік өңдеу мен дәнекерлеуден бастап өнеркәсіптік жабдық тораптары мен стандартты емес конструкцияларды шығаруға дейін. Кәсіпорын тау-кен, құрылыс, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы компаниялармен табысты ынтымақтасып келеді. Тапсырыс берушілер қатарында ірі өндірістік бірлестіктер де, шағын технологиялық бизнес те бар.

Кәсіпорында жас мамандарды белсенді түрде оқытылып, техникумдар және колледждермен тығыз байланыс орнатылған. Бүгінде «Инкар-1» өндірістік процестерді цифрландыруға, CAD/CAM жүйелерін енгізуге басымдық беріп, сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан елдеріндегі серіктестермен экспорттық келісімшарттарды пысықтауда.

Тағы бір зауыт – «КазПолимер» полиуретан бұйымдарын өндірумен айналысады. ЖШС директоры Сергей Камаевтің айтуынша, полиуретанды еркін құю технологиясы белгіленген тозуға төзімділік параметрлері бойынша кез келген күрделі өнімді шығаруға мүмкіндік береді.

Өнім сапасы өндірістің барлық кезеңдерінде – шикізатты сатып алудан бастап дайын өнімді жөнелтуге дейін – заманауи зертхана арқылы мұқият бақыланады.

Серіктестік тау-кен шахталық, мұнай-газ, металлургия, байыту және басқа да жабдықтарға арналған бұйымдарды жобалаудан бастап өндіруге, нысанда монтаждауға және пайдалану мерзімі бойы қызмет көрсетуге дейінгі толық циклді жүзеге асырады.

«КазПолимер» ЖШС жоғары күрделіліктегі технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңғырту жұмыстарын да атқарады, соның ішінде бөлшектерге жоғары берікті қорғаныш полиуретан қабатын бүрку арқылы пайдалану мерзімін ұзартады. Сонымен қатар «КазПолимер» ЖШС-да кез келген күрделіліктегі бұйымдар мен металл конструкцияларын өндіруге арналған заманауи металл өңдеу станоктары мен жабдықтарының кең паркі бар.

Аталған кәсіпорындардың Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне отандық өндірушілер тізіліміне енгізу мәселесі бойынша елеулі наразылықтары бар. Барлық қажетті сертификаттар мен авторлық әзірлемелердің болуы, күрделі технологиялық операцияларды орындауы және толық құжаттаманы ұсынғандарына қарамастан, Тізілімге енгізу себепсіз созылып отыр. Соның салдарынан компаниялар тікелей шығынға ұшырауда: мысалы, «КазПолимер» ҚазТрансОйл АҚ және ҚазЦинк АҚ компанияларымен ірі келісімшарттарынан айырылды, зауыттың ОТП тізілімінде тіркеуі болмағандықтан серіктестер келісімдерді ұзартудан бас тартқан.

Қалыптасқан жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуын тежеп, қуаттардың жүктемесін шектеп, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығына кері әсерін тигізуде.

Сонымен қатар отандық өнеркәсіпшілер «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуды жүзеге асыру тәртібіндегі отандық тауар өндірушілерден міндетті түрде өнім сатып алу нормасын тау-кен металлургия кешеніндегі ірі жер қойнауын пайдаланушыларға да қолдану туралы «Ақ жол» демпартиясына өтінішпен жүгінді. Себебі соңғылары кей жағдайда сапаға нұқсан келсе де шетелдік өндірушілерге басымдық береді.

Осыған байланысты, ОТП тізілімін енгізумен қатар және Республика Конституциясындағы жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі деген нормаға сүйене отырып, отандық зауыттар ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің сатып алу рәсімдеріне отандық өндірушілерден тауарларды басымдықпен сатып алу талабын енгізу жөнінде ұқсас өзгерістер бастамасын көтеруді сұрайды.

Бұдан бөлек, жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан аталған кәсіпорындарды тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де көтерілді, атап айтқанда материалдарды жеткізу мен өнімді жөнелту үшін қалыпты жол салынуы қажет. Қазіргі таңда бұл аумақта оннан астам кәсіпорын және ТЖМ-нің Қарағанды қаласындағы өрт сөндіру бөлімі ой-шұңқыры көп қара жолды пайдалануға мәжбүр.

Зауыт басшыларымен және қызметкерлерімен әңгімелестік. Жаңа Конституция жобасы бойынша жартыжылдық жұмыс туралы баяндап, қойылған сұрақтарға жауап бердім. Өндіріс өкілдеріне қай елде өмір сүріп, еңбек ететіні бейжай емес екені байқалады, сондықтан аталған қиындықтарға қарамастан, көңіл-күйлері позитивті. Көтерілген мәселелер бойынша өнеркәсіпшілерден «Ақ жол» демпартиясына ресми өтініштер дайындауды сұрап, оларды шешу үшін бар күшімізді салатынымызды жеткіздім.

https://t.me/peruash/15255

Қарағанды облысына жасаған сапарымыздың соңында, SFERA CLINIC медициналық орталығы басшылығының өтініші бойынша осы жекеменшік медициналық мекемеге бардық. Орталықтың бас дәрігері Евгения Пронина және клиниканың тең құрылтайшысы Максим Астрейка өз жұмыстары мен даму жоспарлары туралы баяндады.

Клиника бірнеше мың шаршы метр аумақты алып жатыр, бірнеше бөлімшесі мен операциялық залдары бар, күрделі оталарға маманданған. Операциялық бөлмелер, дәрігерлер кабинеттері мен стационар палаталары ең заманауи жабдықтармен жабдықталып, онкологиялық, гинекологиялық және нейрохирургиялық оталар жасауда белсенді қолданылады.

Ұжымда екі жүзге жуық қызметкер бар, олардың отыздан астамы – жоғары білікті ота жасайтын дәрігерлер. 2025 жылы 1600-ден астам күрделі операция жасалған, оның шамамен 300-і ғана (22%) мемлекет кепілдік берген көмек аясында орындалған. Басқаша айтқанда, SFERA CLINIC бюджет қаржысына тәуелді емес және нарықта өзін тік ұстап тұрған мекеме.

Сонымен қатар, клиника Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығын өздерінше түсініп, тәулік бойы онкологиялық көмек көрсетуге лицензия беруден бас тартқан жергілікті уәкілетті органдар тарапынан күтпеген қарсылыққа тап болды (бұл ретте клиникада күндізгі стационар жағдайында онкологиялық көмек көрсету лицензиясы сақталған).

Осылайша, мекемеге онкологиялық операцияларды әрі қарай жүргізуге тыйым салынды, ал клиника онкологиялық көмек стандартының барлық талаптарына сәйкес келеді. Мемлекеттік ауруханада науқастар операция кезегін күтуге мәжбүр. Нәтижесінде пациенттер басқа қалалардағы жекеменшік клиникаларға жүгінуге мәжбүр, бір жағынан Астана алыс емес, алайда ондағы ұқсас емдеу құны 2–3 есе қымбат.

Осылайша, жергілікті шенеуніктердің бюрократиялық кедергілерінен клиниканың өзінен бұрын (оның жүктемесі басқа операция түрлеріне қайта бөлінген), пациенттер мен олардың отбасылары зардап шегуде.

Әңгімелесушілер мұндай шешімдерді жуырда Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыруды қайта қарау жөніндегі жоспармен байланыстырады. Онда салалық қаржыландыруды мемлекеттік мекемелер пайдасына қайта бөлуге бағытталған бірқатар қадамдар көзделген. Мұндай тәсілді барлық меншік түрлерін тану және оларды тең қорғау қағидатына сәйкес емес деп санаймыз.

Осыған байланысты «Ақ жол» демпартиясының Жаңа Конституцияға тиісті норманы енгізу жөніндегі ұсыныстары, сондай-ақ Негізгі заңның өзге де жаңашылдықтарын талқыладық. Клиника басшылығы мен медицина қызметкерлері елдің жаңа мүмкіндіктер мен технологиялар дәуірінде табысты дамуын қолдайтындарын білдірді.

«Ақ жол» демпартиясы филиалының төрағасы, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Ермек Әбілдиннен лицензиядан айыру мәселесін облыстық денсаулық сақтау басқармасымен талқылауды сұрадым. Қажет болған жағдайда бұл мәселені Парламентте көтеруге фракциямыздың дайын екенін жеткіздім.