22
Қыркүйек

«Ақ жол» жастары спортта да алда!

22 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі, Жастар кеңесінің белсендісі Серікқазы Нұрқадыр Мәуліт айына орай облыстық деңгейде ұйымдастырылған қайырымдылық турнирінде футболдан жүлделі 3-орынға ие болды.

Бұл жеңіс – тек спорттық табыс қана емес, сонымен бірге жастардың қоғамға үлгі болатын белсенділігінің айқын дәлелі. Жас спортшымызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Ақ жол» партиясы әрдайым жастардың спорттағы табыстарын, білім мен еңбектегі жеңістерін және игі бастамаларын қолдап келеді. Бұл – дені сау, ойы сергек жас буын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.