19
Наурыз

«Ақ жол» жастары Жаңару күні аясында ағаш көшеттерін отырғызды

2024 жылдың 19 наурызында “Наурызнама” жалпы республикалық он күндік акцияның алтыншы күні - Жаңару күні аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтің қатысуымен ағаш көшеттерін отырғызу шарасы өтті.

Іс-шараға өңірдегі саяси париялардың төрағалары мен төраға орынбасарлары, өңірдің белсенді жастары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, іскер әйелдер кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мұғалімдер, сондай-ақ коммуналдық сала өкілдері қатысты.

Акцияға қатысуға келген адамдар қылқан жапырақты және жеміс көшеттерін отырғызды. Егер ағаштар жақсы өссе, тамшылатып суару әдісімен суарылады.

Нұрлан Ноғаев ағаш егу дәстүрінің терең маңызы бар екенін және біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екеніне тоқтала келе бұл табиғатқа деген қамқорлық пен оның байлығын болашақ ұрпақ үшін сақтайық деген ізгі ниет екенін атап өтті.