18
Наурыз

«Ақ жол» жастарды қамқорлыққа алмақ - 'Қазақ үні' газеті

Казак yнi (Алматы), № 10 (619), 11.03.2014 ж

 
18 бен 45 жас аралығындағы тепсе темір үзетін жастардың белсенділігін арттыруды - «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалы басты бағыт етіп бекітті. Өткен жарты жылдық жұмысты қорытындылаған партия белсенділері осындай мәмілеге келді. Өйткені дәл осы жас шамасындағы жастардың проблемасы да бүгінгі күні шаш етектен.
«Ақ жол» КДП Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі Асқар Садықов аймаққа жұмыс сапарымен келген Парламент депутаты Нұрлан Жазылбековпен кездесуде де осы мәселені көтеруге тырысты. Халық қалаулысы бүл жолғы сапарында Ақтөбедегі тергеу изоляторына барып, қылмысқа тартылған азаматтармен бетпе-бет жүздескені белгілі. Бұл жерде де партия белсенділері қылмысқа тартылып, істі болғандардың дені 25 жасқа толмаған өрімдей жас жігіттер екендігіне көз жеткізді. Түрмеге тоғытылғалы жатқан жастардың дені. төбелес, кісі тонау сияқты қылмыстар жасаған. Ал, сол соқтандай жігіттерді қылмыс жасауға итермелеген себеп - жастардың бос сендіруі, жаппай жұмыссыздықтың салдары екендігі айдан-анық. «Ақ жол» КДП Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі жылдық есепті қорытындылау кезінде өзі іске кіріскелі 6 айдың ішіңде атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Жаз айларыңда ел аралаған Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары Ақтөбеде де болды. Осы аймақ бойынша ғана депутаттар өз көздерімен көрген біраз мәселелердің мәжілісте қаралуына түрткі болды. «Ақ жол» КДП Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі үйге Ұлы композитордың ескерткіш тақтайшасы қойылды. Қаладағы Ербалалар пансионатында сүндетке отырғызу, ауызашар сияқты қайырымдылық шаралары өтті.
Өткен жылдың жұмысын қорытындылап, партия белсенділеріне есеп берген Асқар Садықов мұндай шаралар әлі де жалғасын табатынын жеткізді. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен бір топ кәсіпкерге партия филиалының жетекшісі алғыс хаттар табыстады. Сондай-ақ кездесу соңында жастарды қолдау бағытындағы атқарылар істерге арналған арнайы бағдарлама талқыланды. Ел болашағына арналған аталмыш бағдарлама партия мүшелері тарапынан қолдау тапты.
<!--EndFragment-->