30 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
“Заң және тәртіп” атты облыстық жас ораторлар байқауында Д.Қалматаев
атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің студенті, «Ақ жол»
демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы Жастар кеңесінің белсенді
мүшесі Сәрсен Жанерке II дәрежелі орынға ие болды.
Жас оратор байқауда өз ойын жүйелі жеткізіп, құқықтық мәдениет пен заңға
құрметтің маңыздылығын айшықтап көрсетті. Бұл жетістік – жастардың білім мен
шешендік өнерді қатар дамытып, қоғамға өз үлесін қосуға дайын екендігінің айқын
дәлелі.
«Ақ жол» демократиялық партиясы әрқашан жастардың азаматтық белсенділігін,
көшбасшылық қасиеттерін және жаңа бастамаларын қолдап келеді.