29
Қыркүйек

«Ақ жол» жастарының жетістігі – республикалық деңгейде

29 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «OzgerTeam» қоғамдық қорымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2025 жылдың 26-28 қыркүйек күндері М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде мектеп мұғалімдері арасында «Ustaz CUP» республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 20 команда (40 педагог) қатысып, өзара білім мен тәжірибеде сайысқа түсті.

Семей қаласы білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ «Кел, балалар, оқылық!» пікірсайыс клубының жетекшісі, «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы турнирде «Үздік спикер» номинациясымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Бұл жеңіс – ұстаздарымыздың кәсіби деңгейінің жоғары екенін, ал жастардың ойлау мәдениетін дамытуға бағытталған еңбектің жемісі екенін көрсетеді.