8 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Бүгін Шәкәрім университетінің “Конгресс” интеллектуалды дебат клубының 25
жылдық мерейтойы аталып өтті.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде «Aқ жол» демократиялық партиясы Абай
облыстық филиалының жастар кеңесі төрайымы Бинұр Ахатқызы қатысты.
Бинұр Ахатқызы телеарнаға сұхбат беріп, «Aқ жол» партиясының жастар саясатын,
пікірсайыс қозғалысының адал әрі құқықтық санасы жоғары азамат тәрбиелеудегі
маңызын атап өтті.
«Пікірсайыс — ой еркіндігі мен жауапкершілікті қалыптастыратын орта. Мұндай
қозғалыстар әділ қоғам мен белсенді ұрпақтың негізі», — деді ол.
«Aқ жол» демократиялық партиясы білім, әділдік және елге қызмет ету
құндылықтарын дәріптей отырып, жастардың интеллектуалды және азаматтық
белсенділігін арттыруды басты мақсаттарының бірі санайды.
