2024 жыл 10 қыркүйек, облыстық филиалының баспасөз
қызметі
«Ақ жолдың» Атырау облыстық мәслихат депутаттары Қайырбек Баймұратов және
Константин Шин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында депутаттар “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының
ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне барды.
Кездесуге “Ақ жол” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасы Батыржан
Қорғанбаев, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының
орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Нұржан Борашев, партияның Маңғыстау
облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары Мұрат Бекмағанбетов пен Ғазиза
Тажибаевалар қатысты.
Депутаттар Құлсары қаласында су тасқынына қарсы күрескен Маңғыстау облысы
Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі» РММ, «Жедел-құтқару жасағы» РММ және ҚР ТЖМ Апаттар медицина
орталығы Маңғыстау облысы бойынша филиалы қызметкерлерін табиғи апаттарға қарсы
күресте табандылық пен батылдық танытқан үшін “Ақ жол” демократиялық
партиясының Ұлттық Кеңесінің атына “Апатпен күрескені үшін” медалімен
марапаттады.