10
Сәуір

“Ақ жолдың” Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов Атыраудағы Жайық өзені бойында бөгет салу жұмысына қатысуда

10 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

“Ақ жол” демпартиясының депутаттары, кәсіпкерлері мен еріктілері су тасқынынан зардап шеккен халыққа жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

Атырау халқына тоқтаусыз азық-түліктер мен қажетті құрал-жабдықтар, техникаларда жұмылдырылуда. Сондай-ақ “Ақ жолдың” Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов Атыраудағы Жайық өзені бойында қорғаныс бөгетін салу жұмыстарының басында жүріп, көмек көрсетуде.

- «Еліміздегі су тасқынына байланысты, Атырау облысында да төтенше жағдайға жарияланып, орталық штаб құрылды. Қазіргі таңда штаб Жайық өзені бойында бөгет салу жұмыстарымен айналысуда. Мен үйлестіретін жұмыс тобына өзеннің 7 шақырымына дамбы салу тапсырылды. Қазір сол жұмыстарды жүргізудеміз», - дейді Бекнұр Бисенов.