02
Сәуір

“Ақ жолдың” Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов сайлаушыларына есеп берді

2 сәуір 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Бүгін “Ақ жолдың” Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Бекнұр Бисенов №7, 7а, 8, 9, 10, 11, 12, 12а,13,14,15 шағынаудандары мен «Самал», «Самал-1», «Самал-2» тұрғын үй массиві округтерінің сайлаушыларымен кездесті.

Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Закенов, қала әкімінің орынбасары Нұртас Сали, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында “Ақ жолдық” депутат Бекнұр Бисенов жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижелерін баяндады.

Кездесу соңында қала тұрғындары көкейтесті сұрақтарына сол жерде жауап алып, қаланың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында ұсыныс-тілектерін жеткізді.