11 шілде 2023 жыл, «Ақ жол» демоератиялық партиясының баспасөз қызметі
Сейсенбінің сәтінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев Оралға ат басын бұрды. Халық қалаулысы мен «Ақ жол» ҚДП-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Серік Мерғалиевпен бірге төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі, бірнеше нысандарда болып, өрт сөндірушілермен жүздесті.
Кездесу барысында депутат бейбіт уақытта өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың күн сайын үлкен ерлік жасап жүргенін тілге тиек етті. Серік Ролланұлы да өз кезегінде өрт сөндірушілердің мәртебесін көтеріп, оларға жағдай жасау, сын-сағаттарда қолдау қажет деген пікір айтты. №5 Орал қалалық өрт сөндіру бекетінде болған халық қалаулысы ондағы жеке құрамның жұмысымен танысып, 1865 жылы салынған көне ғимарат жанындағы ереше мұражаймен танысты.
Айта кететін бір жәйт, дәл бүгінгі күні өңірде дала өрті өршіп, 5 ауданда өрт оқиғасы тіркелген. Оған жалпы саны 181 бірлік техникамен 900 адам жұмылдырылған. Мәжілісменнің жұмыс сапары облыс орталығында қалаішілік жол жөндеу жұмыстарымен танысып, өңірдің белді экологтарымен жалғаспақ.