13
Қазан

“Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихаты депутаты Аманкельди Утешов жеке қабылдау өткізді

13 қазан 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

“Ақ жол” демпартиясының Жаңаөзен қалалық мәслихаты депутаты Аманкельди Утешов азаматтарды қабылдау өткізді.

Депутаттың жеке қабылдауына №5  сайлау округінің сайлаушылары келіп, қоғамдық және жеке проблемаларын көтерді.

Тұрғындардың көбі қалада салынып жатқан тұрғын үйлерден үй алу және жұмыссыздық мәселелері  бойынша өтініш білдірді.

Депутат Аманкельди Утешов әрбір тұрғынның сұрақтарына заң жүзінде түсініктеме берді. Сондай-ақ азаматтао қабылдауға қатысқан сала мамандарынан да көтерілген барлық өтініштеріне жауап алды.