13
Наурыз

«Ақ жол»партиясы президент сайлауын өткізу туралы шешімді қолдайды - Казак унi (Алматы)

 
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Президиумының ел Президентінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешіміне қатысты мәлімдемесі
Мемлекет басшысының 2015 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы Жарлығына қол қойғандығы мәлім.
«Ақжол» партиясы бұл шешімді толық қолдайды.
Әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында бізге барлық күш-жігерімізді әлемдік дағдарыстың ел экономикасына жағымсыз әсерін еңсеруге шоғырландырып, жұмылуымыз маңызды.
Қалыптасқан жағдайларда Қазақстанға ең алдымен ұлттық мүдделерге бағытталған байыпты саясат жүргізу маңызды.
Осы себептер бойынша біздің партиямыз Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімін толық қолдайды.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Президиумы
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 9 (668), 03.03.2015