27
Қараша

Қағазда қатып тұр /Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты/ - Жас казак

Ол - ол ма, инвестиция тарту бағдарламасына 2,6 млрд теңге салынған. Бірақ осы қаржының 2 миллиард теңгесін құзырлы министрлік шетелде насихат жұмысын өткізуге, басқа елде KAZNEXINVEST-тің жаңа өкілдігін ашуға жұмсауды жоспарлап қойыпты. Басымдық берілген жобаға жәрдемақша есебінде бөлінетін қаражат көлемі бар болғаны 590 млн теңгені құрайды. Сөйтсе, бұл инвестиция тарту бағдарламасына бөлінген жалпы соманың 22 пайызы екен. Демек, миллион мен миллиардтаған ақшаны дарақылықпен PR-ға шашып жатырмыз деген сөз.
Дарақылық деген жақсы қасиет емес. Осылайша шашыламыз да мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бөлінген қыруар қаражатқа қарамастан, экономиканың өндірістік емес, тұтынушылық қабілеті артып кеткеніне қатты таң қаламыз. Себебі біз өркенімізді өсіретін өндірісті қолдаудың орнына, баянсыз бағдарлама желеуімен әртүрлі квазимемлекеттік еншілес мекеменің бүйірін қампайтуды қоймай келеміз. Егер кеңесшісіз күніміз қараң болса, әуелі индустриалдық бағдарлама аясында өндірістік секторды қолдауға қаражат жұмсап, одан артылғанын кеңесшінің қызметіне төлейік! Қазір қайда барсаң, алдыңнан шығатын қаптаған пиаршы мен кеңесшіден гөрі, отандық өндірістің өсуін ойлағанымыз жөн емес пе?!.
 
Дерекнама - Жас казак (Алматы), № 47 (567)-48 (568), 27.11.2015