30
Сәуір

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференция

30 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

2025 жылдың сәуір айында өткен "Абай мұрасы – білім мен ғылымның шамшырағы" атты мектепішілік ғылыми-тәжірибелік конференцияда "Ақ жол" Демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшесі Серікқазы Нұрқадір ерекше белсенділік танытты.​

Ол оқушыларды ғылыми жұмысқа баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен үлес қосты. Нәтижесінде, шәкірттері жүлделі 2-орынды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.​

Серікқазы Нұрқадір тек оқушыларды дайындап қана қоймай, конференцияны ұйымдастыру ісіне де белсене қатысып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.​

Бұл бастама жас ұрпақтың Абай мұрасын терең түсініп, ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.​

Абай мұрасы – болашаққа бағдар!