27
Маусым

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған волонтерлік қызметті үйлестіру бойынша маңызды кездесу өтті

27 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай ауданы, Қарауыл ауылында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өткізілетін ауқымды мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында волонтерлік қызметті үйлестіру бойынша арнайы жиналыс өтті.

Кездесуді Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, оған өңірдің белсенді жастары:

·        колледждер мен университеттердің белсенді студенттері,

·        еріктілер қозғалысының мүшелері,

·        түрлі клубтардың координаторлары мен бастамашыл топ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, “Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері де жиынға қатысып, алда өткізілетін іс-шаралар бағдарламасымен танысты. Кездесу барысында волонтерлік бағыттағы міндеттер, ұйымдастырушылық жұмыстар, жүктелетін жауапкершіліктер мен мерекелік жиын барысындағы рөлдер кеңінен талқыланды.

Бұл басқосу — жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру мен тарихи тұлғаларға деген құрметті еріктілік арқылы көрсетуге бағытталған үлкен мүмкіндіктердің бірі.

“Ақ жол” партиясы ел руханияты мен жастардың азаматтық белсенділігін ұштастыра отырып, мұндай бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеді.