13 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы АПК және тамақ өнеркәсібі салалық кеңесінің
кезекті отырысы өтті.
Отырысты «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының
мүшесі, салалық кеңес төрағасы, Абай облыстық мәслихатының депутаты Баймуринов
Талғат Булатович жүргізді.
Отырыста өңірдегі аграрлық салаға қатысты өзекті тақырыптар талқыланды.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1️. Егістік алқаптарының
жабайы жануарлар, оның ішінде жабайы қабандар тарапынан бүлінуі.
Фермерлерге келетін шығынды азайту және алдын алу шаралары жөнінде пікір
алмасылды.
2️. Шетелдік азаматтар
тарапынан жер заңнамасының бұзылуы жөніндегі ақпарат.
Архитектура, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы өңірдегі жағдай
бойынша мәлімет берді.
3️. Әртүрлі мәселелер.
Қатысушылар саладағы басқа да маңызды бағыттар бойынша ұсыныстарын айтты.
Отырыста мемлекеттік органдар өкілдері, жауапты бөлім басшылары және Ұржар
ауданының кәсіпкерлері офлайн және онлайн форматта қатысып, ортақ пікір
білдірді.




