09
Қыркүйек

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының он тоғызыншы кезектен тыс сессиясы өтті

9 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының он тоғызыншы кезектен тыс сессиясы өтті. Мәслихат сессиясы гибридті форматта ұйымдастырылып, жұмысына 4 депутат қатысты.

Сессияны «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Абильмажинов Ермек Төлегенұлы жүргізді.

Күн тәртібіне сәйкес 11 мәселе қаралды. Атап айтқанда, ауданның ауылдық округтері мен кенттерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Бұл өзгерістер мәслихаттың эталондық бақылау банкінде жарияланғаннан кейін қаралуына байланысты, депутаттар он бес күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасау туралы ұсынысты қолдады.

Сонымен қатар, тұрақты комиссия отырысында депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің қатысуымен күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді алдын ала қарастырып, талқылады. Барлық сұрақтарға тиісті түсініктемелер беріліп, ұсынылған материалдар жан-жақты зерделенді.

Нәтижесінде депутаттар қажетті шешімдер қабылдап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды қадамдар жасалды.