17 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли аймақ тұрғындарымен кездесу өткізіп,
өңірдің 2025 жылғы және алдағы жылдарға арналған даму жоспарын жариялады.
Кездесу барысында инфрақұрылымды жетілдіру, әлеуметтік саланы нығайту, жастар
саясатын дамыту сынды маңызды мәселелер талқыланды.
Аталған жиынға “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының
жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы арнайы қатысып, жастардың пікірін
тыңдап, даму жоспарымен танысып қайтты.
Бұл кездесу – аймақтың болашағына бейжай қарамайтын жастардың белсенділігін
көрсететін маңызды қадам. Жастардың осындай деңгейдегі диалог алаңдарына
қатысуы – олардың қоғамдағы орны мен рөлін арттыратыны сөзсіз.


