5 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
2025 жылдың 3-4 мамыр күндері Шәкәрім университетінде Шоқан Уәлихановтың
190 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына, Қазақстан
Республикасының Конституциясының 30 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының
30 жылдығына және жұмыспен қамтылған мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған
“PARASAT CUP VI” республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Ауқымды зияткерлік алаңда “Ақ жол” Демократиялық партиясының Абай облыстық
филиалының Жастар кеңесінің мүшелері — Ахатқызы Бинур, Қыдырмина Айым және
Сәрсен Жанерке өңір атынан қатысып, саяси, әлеуметтік және тарихи тақырыптарда
жоғары деңгейде ой өрбітті.
Турнир — жастардың қоғамдық пікірталас мәдениетін дамытуға, сыни ойлау мен
шешендік қабілетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
“Ақ жол” партиясы еліміздің білімді, белсенді және ел болашағына бейжай
қарамайтын жастарын әрдайым қолдайды.
Ақ жол – айқын жол!