05
Маусым

Абай облысында “Ақ жол” партиясының қатары жаңа мүшемен толықты

5 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысы “Ақ жол” демократиялық партиясының филиалы төрағасының орынбасары Иманжапар Мұрат Тлегенұлы партия қатарына жаңа мүшені қабылдады. Шәкәрім университетінің білікті ұстазы, қоғам белсендісі — Советқазы Қайсанов “Ақ жол” партиясының мүшесі атанды.

Салтанатты сәтте Мұрат Тлегенұлы партия құндылықтары мен демократиялық бағыттарын, елдің дамуына қосып жатқан үлесін атап өтіп, жаңадан қабылданған мүшеге сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Советқазы Қайсанұлы партияға деген сенімін білдіріп, ел мен халыққа қызмет ету жолындағы бастамаларды қолдауға, партия жұмысын ілгерілетуге дайын екенін жеткізді.

Бұл – тек бір адамды қабылдау емес, ұстаным мен идея жолында бірігу, еліміздің ертеңіне үлес қосуға жасалған нақты қадам.

“Ақ жол” партиясы қоғамның сан түрлі саласында белсенді, білімді, елшіл азаматтарды қолдап, қатарын кеңейте береді.