7 желтоқсан 2024 жыл, Абай облыстық филиалы
"Ақ жол" демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы Алаш
қозғалысының туған күніне орай тағылымды кездесу ұйымдастырды. Шараға партия
ардагері, саясаттану ғылымдарының кандидаты, профессор Түйебаев Махмұт
Мамырбекұлы мен ардагер ұстаз, тарихшы-этнограф Мұхамедиев Мұхаметқазы арнайы
қатысып, Алаш идеясының құндылығы, оның тарихи маңызы мен қазіргі қоғамға
тигізер тағылымы туралы жастарға мазмұнды әңгіме қозғады.
Кеш барысында Алаш мұрасын дәріптеуге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға,
Қазақстанның мемлекеттілігі мен ұлттық мүддесін қорғауға, демократия мен
парламенттік қағидаларды ілгерілетуге қосқан зор үлестері үшін “Ақжол”
Демократиялық партиясы Президиумы атынан Түйебаев Махмұт Мамырбекұлы мен
Мұхамедиев Мұхаметқазы Qazaq Republic Alash медалімен марапатталды.
Бұл кездесу жастардың тарихи санасын қалыптастыруға және Алаш мұрасын
ұрпаққа үлгі етуде ерекше мәнге ие болды.
"Алаш рухы – тәуелсіздік тұғыры!"