01
Қараша

Абай облыстық филиалы: өндіріс пен инновация тәжірибесі

1 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының барлық деңгейдегі депутаттарының форумына қатысқан Абай облыстық филиалының делегациясы Қостанай қаласындағы жетекші өндіріс орындарының бірі – «КАМлит» зауытында болды.

Кәсіпорын жоғары сапалы металл өнімдерін өндіреді және өңір мен ел экономикасының маңызды бөлігі саналады. Делегаттар зауыт жұмысы мен технологиялық жаңалықтарымен танысып, өнеркәсіп пен инновацияны дамыту мәселелерін талқылады.

Абай облыстық филиалының құрамында Семей қалалық мәслихат депутаты Арман Төлеуханов және Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Әбільмәжінов Ермек Төлегенұлы болды.