26
қараша 2024 жыл, Абай облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Абай облыстық
филиалының жастар кеңесінің қатары жаңа мүшемен толықты!
Бүгін Аягөз қаласында жастар кеңесінің
өкілдері ішкі саясат бөлімінің мүшесі Мейрамбекова Аружанмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Аружан “Ақ жол” демократиялық партиясының ресми мүшесі
атанып, жастар кеңесінің белсенді қатарына қосылды.
Бұл – жастар арасында саяси белсенділікті
арттыру және ұлт болашағына үлес қосатын жас көшбасшыларды қолдау жолындағы
маңызды қадам.
"Ақ жол" партиясына қосылған
жаңа мүшелерге табыс тілейміз! Бірге жарқын болашақ құрайық!