9 желтоқсан 2024 жыл, Абай облыстық филиалы
Абай облыстық "Ақ жол" партиясының ұжымы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді! 7-8 желтоқсан күндері Абай облыстық мәслихаты төрағасының кубогіне арналған республикалық “MASLIHAT CUP” турниріне қатысқан Жастар кеңесінің мүшелері жоғары нәтиже көрсетті.
Турнирде Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы “Үздік спикер” атағына ие болса, кеңес мүшелері финалист атанып, партия абыройын тағы бір биікке көтерді.
Бұл жеңіс жастардың білімге деген
құлшынысы мен табандылығын, сондай-ақ партияның жас буынды қолдауға деген
ерекше назарын көрсетеді. "Ақ жол" жастарының мұндай жеңістері
болашаққа деген сенімімізді нығайта түседі!