19
Қыркүйек

Абай орталығында ерекше маңызы бар іс-шара өтті

19 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін Абай орталығында ерекше маңызы бар іс-шара өтті. Параволейболшыларымыз «Ақ жол» демократиялық партиясының қатарына қабылданып, салтанатты түрде партиялық билеттерге ие болды.

Жиынды партияның облыстық филиалының төрағасы Е.Юсупов ашып, спортшыларды құттықтап, олардың ел спорты мен қоғам өміріндегі белсенділігін ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде спорттағы жеңістердің жастарға үлгі болып, жаңа белестерге жетелейтінін жеткізді.

Одан кейін салтанатты рәсім барысында партиялық билеттерді табыстау үшін сөз ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ерубаевқа берілді. Мәжіліс депутаты «Ақ жол» демократиялық партиясының бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары, ел дамуы жолындағы бастамалары мен әлеуметтік бағыттағы іс-шаралары жөнінде қысқаша баяндады. Сонымен қатар партия қатарына өтуге ниет білдірген параволейболшыларға билеттерін табыстап, оларды жүрек жарды лебізімен құттықтады.

С.Ерубаев өз сөзінде спортшылардың табандылығы мен жігерін ерекше атап өтіп:

– Сіздер тек спортта ғана емес, қоғамда да үлкен үлгісіздер. Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген параспортшыларымызға зор сенім артамыз. Алдағы уақытта да жаңа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін, – деді.

Іс-шара соңында параволейболшылар өз кезегінде партияға деген сенім білдіріп, алдағы уақытта қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Бұл қадам – спортшылардың тек алаңда ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де белсенді тұлғаға айналып келе жатқанын айғақтайды.