16 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
АҚ ЖОЛ ЖАСТАРЫ – «AMANAT CUP» қазақ лигасының чемпиондары!
Астанада өткен еліміздің ең беделді пікірсайыс додаларының бірі — ХХІІІ
Республикалық «AMANAT CUP» турнирінде қазақ лигасының студенттік лигасында Ақ
жол партиясының Абай облыстық филиалы Жастар кеңесінің мүшелері айқын жеңіске
жетті!
Қазақ лигасының чемпиондары атанған — Серікқазы Нұрқадыр мен Арчин Дидар!
Бұл жеңіс – олардың білімділігі мен тәжірибесінің, алғыр ойы мен
табандылығының айқын көрінісі.
Пікірсайыс аренасында бәсекелестік жоғары болғанына қарамастан, Ақ жол
жастары өз деңгейін дәлелдеп, үздік командалар арасынан суырылып шығып, кубокты
Абай өңіріне алып келді.
Бұл жетістік —
1. «Ақ жол» партиясы жастарының сапалы дайындығының нәтижесі;
2. Абай облыстық филиал Жастар кеңесінің белсенділігі мен бірлігінің
көрсеткіші;
3. Жастардың интеллектуалды бәсекеде де көшбасшылық таныта алатынын
дәлелдейтін маңызды белес.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы додаларда да биіктен көріне берулеріне тілектеспіз!
Ақ жол жастары — идеясы айқын, сөзі салмақты, жеңіске лайық буын!