06
Маусым

“Абай жолы – адал жол”: Жастар арасында адалдықты насихаттаған пікірсайыс

6 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысы Семей қаласының Ішкі саясат бөлімі ММ және «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік қызмет» жобасы аясында, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Абай жолы – адал жол” атты пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Бұл шараның мақсаты – жастар арасында адалдық, әділеттілік, азаматтық жауапкершілік секілді құндылықтарды дәріптеу, пікір айту мәдениетін дамыту және парасатты тұлғаны қалыптастыруға атсалысу.

Аталмыш жарысқа “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшесі, Шәкәрім университетінің студенті – Серікқазы Нұрқадір қатысып, жеңімпаз атанды. Оның ұтымды уәждері мен терең танымы әділқазылар тарапынан жоғары бағаланып, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолында үлгі болатын азамат ретінде танылды.

“Ақ жол” партиясы адалдық пен әділдікке негізделген қоғам құру жолында жастардың белсенділігін әрдайым қолдайды.