5 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Ұлы ойшыл, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған
дайындық жұмыстары Семей қаласында қызу қарқынмен басталып кетті.⠀
Ауқымды рухани шараға орай Шәкәрім университетінен 100-ге жуық ерікті
тартылып, өз үлестерін қосуға кірісті. Солардың қатарында «Ақ жол» Қазақстанның
демократиялық партиясының Абай облыстық филиалы жанындағы жастар кеңесінің
мүшелері де бар.
Мерейтой аясындағы жобаларды сапалы жүзеге асыру мақсатында еріктілердің
координаторлары мен тим-лидерлері арнайы оффлайн оқытудан өтіп, алдағы
міндеттерімен танысты.
Бұл — жастардың ұлы Абайдың мол мұрасын дәріптеуге бағытталған шынайы
ынтасы мен белсенділігін көрсететін маңызды бастама.