6 қазан 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Қарағандыда академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына арналған республикалық
пікірсайыс турнирі өтті. Бұл дода Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері
жөніндегі басқармасы ұйымдастырған жастар пікірсайысын дамытуға арналған
кешенді жобаның бір бөлігі болды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 32 команда өзара білім мен ой жарысына
түсті.
Осы сайыста Абай облысы атынан «Ақ жол» демократиялық партиясының
қолдауымен қатысқан Шәкәрім университетінің студенті, жас пікірсайысшы Нұрқадір
Серікқазы ерекше белсенділік танытып, үздік сегіздікке (1/4 финалға) дейін
жетті.
Бұл – өңір жастарының білім мен зияткерлік әлеуетінің айқын дәлелі.
«Ақ жол» партиясы талантты жастарға әрдайым қолдау көрсетіп, олардың
дамуына мүмкіндік беруді жалғастырады.