10
Маусым

Ғабит Мұқановтың төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

10 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласының прокуратурасында қала прокуроры Ғабит Мұқановтың төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілері, қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері, студенттер мен бизнес өкілдері қатысты.

Отырыс барысында құқықтық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасындағы әріптестікті арттыруға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң үйірмесі», «Киберпол», «BAIQA SYSTEM», «Кибер-Шериф», «Тазалық сақшылары» жобалары, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған жаңа ведомствоаралық тетіктер таныстырылды.

Сонымен қатар құқықтық жобалар жәрмеңкесін «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушылары ұйымдастырды.