10
Қазан

Ақдолдықтар университеттің тарих факультетінің студенттеріне тағылымды кеш ұйымдастырды

9 қазан 2025 жыл, Ақтөбе облыстық филиалы

9 қазан күні 2025 жылы “Ақ жол” партиясының Ақтөбе облыстық филиалының Жастар Кеңесінің үйлестірушісі Қайыржан Бозкуланов және Филиалдың жастар мүшесі Дильназ Абиева Жұбанов университеттің тарих факультетінің студенттеріне тағылымды кеш ұйымдастырды. 

Дәріс барысында Дильназ студенттерге Қабдеш Жұмаділданың өмірі мен шығармашылық жолы туралы әсерлі баяндама жасап, оның туындыларындағы ел мен еркіндік рухын ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда, “Ақ жол” демпартиясының Жастар Кеңесі ұлт тағдырына үлес қосқан қайраткер Қабдеш Жұмаділдің тұлғасын Шымкент, Астана, Семей, Тараз, Қостанай, Талдықорған, Жезқазған және Ақтөбе қалаларындағы жастарға таныстырылды.

“Ақ жол” партиясының Жастар Кеңесі Ақтөбе облыстық филиалының ұжымына жастарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

Ақ жол!