16 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
“Ақ жол” демпартиясының Жамбыл облыстық филиалының Жастар кеңесінің
төрағасы Қадыржан Есенов Тараз қаласы, Гоголь көшесі, 56 үйдің тұрғыны,
зейнеткер Тамара Андреевнаға волонтерлік көмек көрсетті.
Зейнеткердің үйінің ауласы және сыртқы қақпасының айналасы қураған
шөптерден тазартылды. Қоқыстар шығарылды.
“Қарияның көршілерінің жерінен өскен арамшөптер қарияның бақшасына жайыла
өсіп, айналасын қамыс басып кеткен болатын. Олар қураса, өрт шығу қаупі
артатыны белгілі. Қауіпсіздік үшін қураған талдар мен қамыстар кесіліп, сыртқа
шығарылды”, дейді Қадыржан Есенов.
Қарттарға көмек - қамқорлықтың бір көрінісі. Ақжолдық жастар осындай
волонтерлік көмектерді жиі ұйымдастырып отырады.