6 мамыр 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
2025 жылдың 3–4 мамыр күндері Шәкәрім университетінде “PARASAT CUP VI”
республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Бұл зияткерлік дода Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 80 жылдығына, Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына,
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жұмыспен қамтылған мамандықтар
жылына орай ұйымдастырылды.
Ауқымды пікірсайыс алаңына еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік
дебатерлер жиналып, өзара білім мен шешендік шеберліктерін сынға салды.
Осы додада “Ақ жол” Демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының
Жастар кеңесінің төрайымы Ахатқызы Бинұр ерекше көзге түсіп, “Үздік спикер”
атағына ие болды.
Бұл жетістік – жастардың белсенділігі мен саяси сауаттылығының айқын
көрінісі!