13
Тамыз

Аяна Мукеева “Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға сәйкес Қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған құрамының бірінші жиналысына қатысты

13 тамыз 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

ДПК “Ақ жол” Ұлытау облыстық филиалының облыстық мәслихат депутаты Аяна Мукеева “Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға сәйкес  Қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған құрамының бірінші жиналысына қатысып, Ұлытау облыстық Қоғамдық кенесінің халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы және Ұлытау облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағысың орынбасары болып сайланды.

Аяна Мукеева: “Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Қоғамдық кеңестерді құруға және олардың жұмысына көп көңіл бөледі. Өз кезегімде, өткен құрамда еңбек еткен азаматтарға үлкен Рахмет айтамын. Сондай-ақ жаңа сайланған Кеңес мүшелеріне жемісті жұмыс тілеймін! Келешекте, міндетті түрде, тығыз ынтымақтастық жасап, Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде аянбай еңбек етуге дайынмын”.