8 қараша 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” партиясының облыстық мәслихат депутаты,
облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Аяна Мукеева әріптестерімен бірге Жезқазған
қаласындағы №3 Білім-инновация лицей-мектебіне барып, оқу орнының қазіргі
жағдайымен танысып, мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында мектептің сыртқы аумағы таза әрі ұқыпты болғанымен,
бірқатар ішкі мәселелер анықталды:
🔹 Ғимараттың техникалық жағдайы:
⁃ Ғимарат күрделі жөндеуді
қажет етеді. Қабырғалары мен төбелері дымқылданып, сылақтары түсіп жатыр;
⁃ Есіктердің босағалары
шытынап, сылақтары түскен;
⁃ Еден плинтуссыз, линолеумдар
жыртылған, жүруге кедергі келтіреді.
🔹 Материалдық-техникалық база:
⁃ Балалар жататын және ойнайтын
бөлмелердегі жиһаздар ескірген, кейбірі сынған.
🔹 Инженерлік жүйелер:
⁃ Ішкі су және жылу құбырлары
тозған, жиі жарылу жағдайлары кездеседі;
⁃ Соның салдарынан ғимарат ішінде
аммиак иісіне ұқсас өткір иіс сезіледі.
🔹 Тамақтану қызметі:
⁃ Асхана жұмысында кемшіліктер
анықталды — балалардың түскі және кешкі ас мәзірінде нанның болмауы тіркелді.
🔹 Қаржылық жағдай:
⁃ Мекеменің коммуналдық
төлемдер (электр энергиясы, жылу қызметтері) бойынша қарыздар жинақталған;
⁃ Инфляция деңгейінің өсуіне
қарамастан, мекеме бюджеті жыл сайын қысқарып келеді.
Аяна Мукеева бұл мәселелер бойынша «Ұлытау облысы білім басқармасы» басшысының
міндетін атқарушы А.Т.Мұнсызбаеваға депутаттық сауал жолдап, бақылауға алды.
Депутат: «Бұл – жай ғана инфрақұрылымдық мәселе емес, бұл – біздің
балаларымыздың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына тікелей әсер ететін маңызды
жайт. Сондықтан біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз және оның шешілуіне бар
күшімізді саламыз», – деді.
ҚДП “Ақ жол” партиясы қоғамдағы әлеуметтік және білім саласындағы өзекті
мәселелерді көтеріп қана қоймай, олардың нақты шешім табуына атсалысуды
жалғастырады.



