19
Наурыз

Айғаным Шынарбек Ақарал ауылдық округіне арнайы барып, тұрғындармен кездесті

19 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Меркі аудандық мәслихатының депутаты Айғаным Шынарбек Ақарал ауылдық округіне арнайы барып, 90 жастан асқан ақ жаулықты аналар мен ақсақалдарды әз Наурыз мерекесімен құттықтады.

Ел арасында Ұлыс күні келгенде, үлкенге құрмет көрсетіп, жаңа жылмен құттықтайтын игі дәстүр бар. Осы үрдісті сақтаған ақжолдық депутат қариялардың қал-жағдайын сұрап, мерекеге орай сый-сияпат жасады.

Елді мекендерде Наурызнама онкүндігі аясында мәдени-көпшілік іс-шаралар жалғасуда. Ақжолдықтар барлық мерекелік іс-шараларға атсалысып жатыр.