30 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы⠀
«Ақ жол» партиясынан сайланған Меркі аудандық мәслихатының депутаты Айғаным
Шынарбек Арал ауылдық округінде салынып жатқан ангар типтегі спорт кешенінің
құрылыс жұмыстарын зерделеді.
Ауылдық округтің әкімі Дос Тасқараевтың айтуынша, нысан жеке кәсіпкердің
есебінен салынуда. Құрылыс аяқталғаннан кейін жергілікті әкімдіктің балансына
берілмек.
«Құрылыс осы жазда басталған. Мердігер нысанды қыркүйекке дейін пайдалануға
беруді жоспарлап отыр. Спорт кешені ашылғаннан кейін ауыл жеткіншектеріне түрлі
секцияларға жазылып, спортпен кәсіби тұрғыда шұғылдануларына жол ашылады», -
дейді Айғаным Шынарбек.

