11
Қыркүйек

Айғаным Шынарбек мектеп жастарымен кездесу өткізді

11 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған Меркі аудандық мәслихатының депутаты Айғаным Шынарбек №1 лицейде жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде ақжолдық депутат ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындаған мақсаттар мен міндеттер туралы айтып өтті. Мемлекет басшысының цифрлы мемлекет құру, ел экономикасын дамуға серпін беретін нақты тапсырмаларынан күтілетін нәтиже туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ биылғы Жолдауда Президент бір палаталы Парламент құру жөнінде ұсыныс айтқанын, бұл реформа бір жыл бойы халық талқылауына ұсынылатынына тоқталды. Қазақстандықтардың таңдауы бойынша шешім референдумда қабылданатын жеткізді.

Жалпы сарапшылар елімізде парламенттік реформа туралы мәселенің талқыланып келе жатқанын айтуда. Жастармен кездесуде ақжолдық депутат бұған дейін мұндай ұсыныс  «Ақ жол» партиясы тарапынан да көтеріліп, қоғамға қозғау салғанын айтып өтті.