01
Тамыз

Айғаным Шынарбек меркілік жастармен кездесу өткізді

1 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Меркі аудандық мәслихатына сайланған депутат Айғаным Шынарбек аудан жастарымен кездесу өткізді.

Аудандық «Жастар орталығында» өткен кездесуде креативті индустрияны дамыту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ жас кәсіпкерлерге арналған гранттар мен түрлі қолдаулар туралы айтылды.

«Қазіргі кезде кәсіп ашып, өз ісін дамытып жүрген жастар көп. Ауыл жастары өндіріске, қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгізгісі келеді. Сондықтан, олар қай салада қандай гранттар беріледі, оны алу үшін қандай бизнес-жобалар жасау қажет екенін білгісі келеді. Кездесуде осы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, жастар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ой-пікірлерімен бөлісті», - дейді Айғаным Шынарбек.