12
Ақпан

Айғаным Шынарбек Қостаған ауылдық округінде тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді

12 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Меркі ауданы Қостаған ауылдық округінің тұрғындары ақжолдық депутатқа елді мекендегі түйткілді мәселелерді жеткізіп, ұсыныстарын айтты.

«Ақ жол» партиясынан Меркі аудандық мәслихатына сайланған депутат Айғаным Шынарбек аталған ауылдық округте сайлаушыларымен кездескен болатын. Кездесуде ауыл азаматтары бірқатар мәселелерді көтерді.

Меркі ауданы таулы аймақ саналғанымен, көктем-жаз айларында ауылішілік ағын судың жайы түйткілге айналады. Ауыл тұрғындары осы мәселені назарға алуды сұранды.

Сондай-ақ қостағандықтар ауылдағы орталық стадион қалпына келтіріліп, жөндеуден өтсе дейді. Елді мекенде спорт кешені салынса, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына жағдай жасалса деген тілектері де бар.