9 мамыр 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
«Ұрпаққа – өнеге, еңбекке – құрмет!»
Қазығұрт аудандық «Ақ жол» фракциясының жетекшісі, партия мүшесі Айбек
Молдасапардың бастамасымен Жұман Есіркепов атындағы жалпы білім беретін
мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тағылымы мол іс-шара өтті. Атап
айтқанда, еңбек ардагерлері мен ардагер ұстаздарға арналған құрмет тақталарының
салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.
Шараға ауыл әкімдігі қолдау
білдіріп, игі іске қаржылай демеу көрсетті. Бұл – өскелең ұрпақтың бойына
отансүйгіштік пен еңбексүйгіштік қасиеттерін сіңіру жолындағы маңызды қадам. Өз
ауылынан шыққан еңбек ерлері мен ұлағатты ұстаздарды құрметтеу – нағыз
тәрбиенің жарқын үлгісі.
Құрмет тақталары – тек өткенді еске түсіру емес, болашаққа аманат. Олар –
жас ұрпаққа бағыт беретін, тағылым таразылайтын өмір сабағы. Осындай өнегелі
бастамаға қолдау білдіріп, ауызбіршілік танытқан ауыл тұрғындарына зор
алғысымызды білдіреміз. Бұл – ел ішінде азаматтық белсенділік пен рухани
бірліктің белгісі.
Салтанатты жиынға арнайы қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірген
азаматтарымызға ерекше ризашылығымызды айтамыз:
Ауыл әкімі Нұралиев Фархат Рысбекұлына,
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүнісов Балта Төребекұлына,
Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, қаламы қарымды қаламгер Рахаев
Нұрғали ағайымызға,
Ауылымыздың ақсақалы, еңбек ардагері Тұрлыбеков Жақсылық Жобайұлына.
Құрмет тақтасын ашқан осы ардақты азаматтарымыз жастарға бағыт-бағдар
беріп, ақ баталарын арнады.
Болашақ – бүгінгі құрметтен басталады.
Ұрпақ – өз елінің еңбек ерлерінен тәлім алсын!





