10 сәуір 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының мүшесі,
Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Айбек Молдасапаров «Менің Отаныма — менің
бастамам» атты республикалық шығармашылық жобалар байқаудың облыстық кезеңіне
қазылық жасады. Бұл байқауға 11-17 жас аралығындағы аудандардан іріктелген ең
үздік, ең талапты жастар қатысып, өз бастамаларын ұсынып, ел болашағы үшін үн
қатты.
«Төреші болу – мен үшін үлкен мәртебе.
Жастардың ойының озықтығы, көзқарасының жаңашылдығы, елге деген шынайы
жанашырлығы қуантты. Шын мәнінде, үміт – жастарда. Сол үміт бүгінгі сахнада
жалындап тұрды. Қатысушылардың әрқайсысы еңбекпен келген, терең дайындықпен
келген. Әділ төрелік жасау – үлкен жауапкершілік. Біз еңбекті, жаңашыл ойды бағалауға
тырыстық», - дейді депутат Айбек Мықтыбайұлы.
Әділ қазылар алқасының шешімімен ең үздіктер анықталып, жеңімпаздар 8 түрлі
номинация бойынша марапатталып, бірнеше
қатысушы республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл – жеңіс қана емес, үлкен
мүмкіндіктерге ашылған есік. Білімді, бастамашыл жастар барда болашаққа сенім
мол!