14
Наурыз

Айбек Оралқанов Занғар ауылының орта мектебінде ұстаздар мен оқушылармен жүздесті

14 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» партиясының Павлодар облыстық филиалының белсендісі, әдебиет жанашыры Айбек Оралқанов Павлодар ауданы, Занғар ауылының орта мектебінде ұстаздар мен оқушылармен жүздесті.

Кездесуге Павлодар ауданы Өнер мектебі директорының орынбасары Қабиден Мұратұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, кітапханашылар және мектеп ұжымы қатысты.

Айбек Тілеубекұлы Ертіс-Баян өңірінің әдеби мұрасы, Алаш қайраткерлерінің тағылымы жайлы мазмұнды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, өзінің шығармашылығымен бөлісіп, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақырды. Жылы жүздесу барысында қатысушылар рухани жаңғыру, әдеби мұра және қазақ тілінің мәртебесі төңірегінде сұхбат құрып, тың мәліметтерге қанықты.