7 тамыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Абай мұрасын ұлықтау – ұлтқа қызмет етудің биік үлгісі.
«Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының белсендісі Айбек
Оралхан С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының мәжіліс залында
"Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ұйымының бастамасымен қазақ
руханиятының алыбы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Әлем
таныған Абай» атты тағылымды шараға қатысты.
Ол «Абай – аудармашы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Абайдың орыс
және батыс әдебиетінің классиктерін қазақ тіліне тәржімалау арқылы ұлттық сөз
өнерінің көкжиегін кеңейткенін атап өтіп, ойшыл мұрасын бүгінгі ұрпаққа
насихаттау қажеттігін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Айбек Оралхан аға буын өкілдері алдында «Ақ жол» партиясының
ел болашағына бағытталған демократиялық ұстанымдарын таныстырып, ұлттық
құндылықтарды дәріптеу партия жұмысының маңызды бағыты екенін жеткізді.





