14
Наурыз

Айгүл Маликованың төрағалығымен облыстың саяси партиялары филиалдарының басшыларымен кездесу өтті

14 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы

Павлодарда облыс әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары Айгүл Маликованың төрағалығымен облыстың саяси партиялары филиалдарының басшыларымен кездесу өтті.

Жиналысқа «Ақ жол» демократиялық партиясы Павлодар филиалының төрағасы Смағұлов Рүстем Сағадатұлы белсенді қатысты.

Ашық диалог барысында алдағы жобалар мен негізгі міндеттерді, павлодарлықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру мәселелерін, партиялардың өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі мен орнын, олардың қоғамдық бірлестіктермен және құрылымдармен өзара іс-қимылын талқылау бойынша пікір алмасылды.

Кездесу барысында партия филиалдарының басшылары облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.