10
Қыркүйек

Айгүл Туркина облыстық “QAZAQ radiosy” эфирінің қонағы болды

10 қыркүйек 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін “Ақ жол” демократиялық партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Туркина облыстық “QAZAQ radiosy” эфирінің қонағы болды.

Сұхбат барысында ол партияның өңірде атқарған жұмыстарын, кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асып жатқан бастамаларды, сондай-ақ халықпен тікелей байланыс орнатудағы жаңа қадамдарды атап өтті. Сонымен қатар, алдағы жоспарлармен бөлісіп, партияның ел дамуына қосар үлесі жайында ой өрбітті.

“Ақ жол” демократиялық партиясы әрқашан қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, әділеттілік пен әділ бәсекенің орнығуына, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.