14
Наурыз

Айым Кидырмина Семей қаласындағы №42 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді

14 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшесі Кидырмина Айым Семей қаласындағы №42 мектептің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол Алаш Орда, Алаш арыстары және ұлттық құндылықтар тақырыптарында ой қозғап, жас ұрпаққа ел тарихының маңыздылығын жеткізді.

Айым ханым жастарды демократиялық құндылықтарды ұстануға, ұлттық мүддені қорғауға және өз пікірін ашық білдіруге шақырды. Кездесу оқушылардың азаматтық санасын арттырып, болашаққа деген сенімін нығайтуға ықпал етті. Шара барысында оқушылар өз сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасып, елдің дамуына үлес қосуға ынта білдірді.

Осындай мазмұнды кездесулер жас буынның елжандылық рухын көтеріп, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.